Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында бүгін, 14 қыркүйекте қазақстандық сегіз бірдей спортшы финалдық жекпе-жектерге қатысады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Ел намысын ерлер арасында Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) қорғайды. Ал қыздар арасында Назым Қызайбай (48 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) және Наталья Богданова (70 келі) алтын үшін күш сынасады.
Барлық кездесулер «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстан уақыты бойынша финалдық жекпе-жектердің басталу кестесі төмендегідей:
- 16:00 — Әйелдер, 48 келі: Назым Қызайбай — Минакши (Үндістан)
- 16:15 — Ерлер, 50 келі: Санжар Ташкенбай — Баттулга Алдархишиг (Моңғолия)
- 16:45 — Ерлер, 55 келі: Махмұд Сабырхан — Рафаэль Лосано Серрано (Испания)
- 22:00 — Әйелдер, 51 келі: Алуа Балқыбекова — Бусеназ Чакыроглу (Түркия)
- 22:30 — Әйелдер, 65 келі: Аида Әбікеева — Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
- 22:45 — Ерлер, 70 келі: Төрехан Сабырхан — Севон Окадзава (Жапония)
- 23:00 — Әйелдер, 70 келі: Наталья Богданова — Лекейша Перголити (Австралия)
- 23:45 — Ерлер, 90 келіден жоғары: Айбек Оралбай — Джахонгир Зокиров (Өзбекстан).