Қазақстанның шығысында қыркүйек басталмай жатып-ақ қыс лебі сезілді. 31 тамыз күні Риддер тауларында алғашқы қар жауғаны туралы бейнежазбалар әлеуметтік желілерде қызу талқылануда, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаланың ішінде қар байқалмағанымен, таулы аймақтар ақ ұлпаға оранған. «Кеше ғана жаздай еді, ал қазір бірден суып кетті», – деп пікір қалдыруда желі қолданушылары.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, ел аумағында қазір Жаңа Жер аймағынан жеткен суық ауа ағындары әсер етіп тұр. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде температура төмендеуде.
Алдағы күндері солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы +2…+8°С аралығында болып, кей жерлерде 2°С-қа дейін үсік күтіледі.
Оңтүстік-шығыс аймақтарда күндізгі температура +20…+28°С шамасында сақталады.
Ал батыс пен оңтүстік-батыста жағдай басқаша: мұнда Ираннан келген жылы ауа массалары ықпалын жалғастырып, +32…+40°С-қа дейінгі аптап ыстық сақталмақ.