Сенатор Нұртөре Жүсіп жасөспірім қыздар арасындағы жүктіліктің көбеюіне қатысты Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сенатордың айтуынша, жасөспірім қыздар арасындағы жүктілік саны артқан. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне назар аударсақ, соңғы 5 жылда 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында туу көрсеткіші шамамен 1,5 есеге артқан. Бұл енді пандемия кезінде басталған екен. Соңғы 4 жылда бұл үрдіс бір деңгейде сақталып келе жатыр. 2023 жылы қаршадай қыздар арасында 5094 босану фактісі тіркеліп отыр. Бұл енді сол кезеңдегі жалпы туу көрсеткішінің 1,3 пайызын құрайды. Мына ауылдық жер, имандылықтың ұясы деп есептелетін жерде 2 есе артып отыр. Жалпы біз осы қайда бара жатырмыз. Ұят деген ұғымның өлгені ме? Адамдықты надандықтың жеңгені ме? - деді сенатор. Нұртөре Жүсіп жасөспірім қыздар арасында туу көрсеткіші жоғары аймақтарды атады. «7 бірдей өңірде, әсіресе, оңтүстік-батыс аймақтарында жасөспірімдердің туу көрсеткіші өте жоғары. Оның ішінде Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарындағы деректер жағаны ұстатады, ерекше алаңдатады. Бұл өңірлердегі жасөспірімдердің туу көрсеткіші ауылдық және қалалық жерлерде де өте жоғары. Бұның барлығы медицианалық мекемелерде тіркелген фактілер бойынша анықталған. ДСМ мәліметіне сүйенсек, былтыр жасөспірімдер арасында жүктілік жағдайлары 10,2 пайызға төмендеген деген дерек бар. Ал бірақ уәкілетті орган жүктіліктің әрбір жағдайын тіркемейтінін есте ұстауымыз керек. Сонда деректердің дұрыс есептелмеуіне осындай динамика қалыптасып отыруы мүмкін, - деді ол. Депутат бұл проблемаға айрықша назар аудару керегін айтады. «Бала көтеретін жасқа келген қазіргі жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық жағдайы алдағы 10-15 жылдағы туу мен демографияға тікелей әсер ететінін жеткізді. Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, сондай-ақ, осы салада жұмыс істейтін халықаралық ұйымдардың қатысуымен жасөспірімдер арасында жүктілік пен туу санының өсу себептеріне ведомствоаралық талдау жүргізу қажет. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға қатысты заңнаманың орындалуына мониторинг пен бақылауды күшейту аса маңызды. Жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының ерте жүктілік қаупі, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі мен құқықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жедел қолға алу керек», - деді ол.-
Азиаданың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды18:10, 20 қыркүйек 2026
-
«Немеремізді сағындық»: Сәкен мен әйелі бөлек шыққан келініне барды (ВИДЕО)17:13, 20 қыркүйек 2026
-
Ертіс өзенінде жоғалған ер адамның денесі табылды16:00, 20 қыркүйек 2026
-
«Енем отыр-ау демейді»: Гүлзира Айдарбекова кіші келініне сөзі өтпейтінін айтты15:07, 20 қыркүйек 2026
-
«Мүмкін тағы 2 бала болады»: Баянның қызы Айсәуле күтпеген жайтты айтты14:09, 20 қыркүйек 2026
-
Қызылорда облысында көліктер соқтығысып, екі адам ажал құшты12:10, 20 қыркүйек 2026
-
Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті11:00, 20 қыркүйек 2026
-
«Жайыңмен жүрші, айналайын!»: Меруерт Түсіпбаева Бекболатқа ашуланды10:17, 20 қыркүйек 2026
-
Таразда каналдан жаңа туған сәбидің денесі табылды09:15, 20 қыркүйек 2026
-
Астанада тұрғын үйден өрт шықты18:00, 19 қыркүйек 2026
-
«Жайыңмен жүрші, айналайын!»: Меруерт Түсіпбаева Бекболатқа ашуланды10:17, 20 қыркүйек 2026
-
«Мүмкін тағы 2 бала болады»: Баянның қызы Айсәуле күтпеген жайтты айтты14:09, 20 қыркүйек 2026
-
«Немеремізді сағындық»: Сәкен мен әйелі бөлек шыққан келініне барды (ВИДЕО)17:13, 20 қыркүйек 2026
-
«Енем отыр-ау демейді»: Гүлзира Айдарбекова кіші келініне сөзі өтпейтінін айтты15:07, 20 қыркүйек 2026
-
Таразда каналдан жаңа туған сәбидің денесі табылды09:15, 20 қыркүйек 2026
-
Азия ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті11:00, 20 қыркүйек 2026
-
Қызылорда облысында көліктер соқтығысып, екі адам ажал құшты12:10, 20 қыркүйек 2026
-
Ертіс өзенінде жоғалған ер адамның денесі табылды16:00, 20 қыркүйек 2026
-
Азиаданың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 6 медаль жеңіп алды18:10, 20 қыркүйек 2026
-
«Ақшаны өзі ұстайды, қатал адам»: Гүлнұр Оразымбетова 70 жастағы күйеуі туралы айтты13:38, 15 қыркүйек 2026
-
«Олигархтар мен шенеуніктер жиналған»: Назарбаевтың ұлы Тауманның тойы қалай өтті11:58, 15 қыркүйек 2026
-
«Көңілдес іздепті»: Байырбекованың бауыры күйеуінің көзіне шөп салғанын айтты09:20, 15 қыркүйек 2026
-
«Енді сен бір төмпешіксің»: Меруерт Түсіпбаева марқұм құрбысын жоқтады09:30, 14 қыркүйек 2026
-
Абай облысында 13 жастағы оқушы сыныптасын 15 жерінен пышақтаған12:10, 15 қыркүйек 2026
-
«10 жыл болды»: Мадина Сәдуақасова некесіне қатысты күтпеген мәлімдеме жасады11:19, 14 қыркүйек 2026
-
Енді Қазақстанда QR арқылы криптовалютамен төлеуге болады11:37, 15 қыркүйек 2026
-
«Бәрібір кетіп тынды»: Сәкен Майғазиевтің келіні бөлек шығып кеткен09:43, 15 қыркүйек 2026
-
Президентке сенім – 86,7%: қазақстандықтардың қоғамдық-саяси көңіл күйі қандай?21:53, 14 қыркүйек 2026
-
«Жылап жібердім»: Анна Данченко Баян Мақсатқызының қандай әрекетке барғанын айтты09:07, 17 қыркүйек 2026
-
«Көзіне не болған?»: Баян Алагөзованың қазіргі жағдайы көпті алаңдатты17:30, 25 тамыз 2026
-
«Күйеуі бар әйелмен жүрген»: Аралдағы полицейдің қазасына қатысты тың дерек шықты08:20, 02 қыркүйек 2026
-
«Еркекке емес, босағаңа сен!»: Танымал актриса жас күйеуімен ажырасқанын айтты12:00, 20 тамыз 2026
-
«Шын сүйіп едік...»: Азамат Сатыбалды ажырасу жайлы жазба жариялады16:39, 21 тамыз 2026
-
«Махаббатым қайтыс болғанда ұлы хабарласты»: Мақпал Жүнісова құпиясын ашты14:11, 20 тамыз 2026
-
Қазақстан ат спортынан Польшадағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды17:15, 01 қыркүйек 2026
-
«Не қиянат көрді?»: Атышулы Бағдагүл емшіні келіні де сотқа берді16:42, 26 тамыз 2026
-
Назарбаев әулетіндегі той: Тауман Нұрсұлтанұлының қалыңдығы кім?19:11, 12 қыркүйек 2026
-
«Әселді жібергім келмейді»: Айқын Төлепберген бірінші әйелі туралы айтып жылап қалды09:08, 10 қыркүйек 2026
-
«Мінезі масқара екен»: Ерке Есмахан жас қызға ұрысып тастады (ВИДЕО)11:58, 03 қыркүйек 2026