Заң бұзушылық

Қазақстанда жаңа қатаң жаза енгізілді

16 қыркүйектен бастап Қазақстанда сталкинг қылмысқа жатады. Бұл адамды зорлық-зомбылықсыз қудалау жағдайларына қатысты. Яғни, біреуге қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жазу немесе интернетте, шынайы өмірде артынан қалмай жүру енді заңмен қудаланады, деп жазады Ozgeris.info.

Егер мұндай әрекеттер адамда қорқыныш пен мазасыздық тудырса, жеке кеңістігін бұзса, қылмыс деп танылады. Кінәлілерге 786 400 теңгеге дейін айыппұл салынады, 200 сағатқа дейін түзету жұмыстары немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы берілуі мүмкін.

 

Барлық жаңалық