Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» филиалының экс-басшысы миллиондарды жымқырғаны үшін сотталды

«ҚазАвтоЖол» филиалының экс-басшысы миллиондарды жымқырғаны үшін сотталды

Шығыс Қазақстанда «ҚазАвтоЖол» жүйесіне қарасты «КАЖсервис» филиалының бұрынғы басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Тергеу мәліметінше, 2024 жылы филиалда іс жүзінде жұмыс істемеген адамдарды жұмысқа рәсімдеп, оларға жалақы төленген.

Аталған заңбұзушылықты компанияның антикоррупциялық комплаенс қызметі мен қауіпсіздік бөлімі анықтаған. Ішкі тексерістен кейін материалдар Антикоррупциялық қызметке жолданып, тергеу барысында бұрынғы басшының кінәсі дәлелденген.

Сот үкімімен оған 2 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Кейін апелляциялық сот бұл мерзімді 3 жыл 6 айға дейін ұлғайтты.

Сондай-ақ, келтірілген 6,7 млн теңге көлеміндегі шығын толық өтелген.

Барлық жаңалық