Қоғам

Ел тұрғындары демалыстан қағылды

Ел тұрғындары демалыстан қағылды

Қазақстандықтар Конституция күні 15 наурыз болып бекітілгендіктен 30 тамыз демалмайды. Бұл туралы Ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс кулуарында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайға “Қазақстандықтарға 30 тамыз күні қосымша демалыс беріле ме?” деген сауал қойылды.

“Енді берілмейді. Конституция қабылданып, күшіне енген соң 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болып белгіленеді”, – деп жауап берді вице-министр.

Биыл қазақстандықтар 30 тамызда (жексенбі – мереке) және 31 тамызда (дүйсенбі) демалуы керек еді, өйткені мереке демалыс күніне түсіп тұр. Конституция күні ресми түрде 15 наурызға ауыстырылатындықтан қазақстандықтар бұл күні демалмайды.

Барлық жаңалық