Жаңалықтар

Қазақстанда 2040 жылға дейін төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанда 2040 жылға дейін төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанда 2040 жылға дейін төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы жоспарланып отыр деп мәлімдейді Ozgeris.info. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады.

 

Жаңа зауыт жобасы «Мұнай өңдеу саласын 2025–2040 жылдарға дейін дамыту тұжырымдамасы» аясында жүзеге аспақ. Құжатқа сәйкес, 2028–2030 жылдары техникалық-экономикалық негіздеме дайындалады, ал 2032–2040 жылдары зауыттың құрылысы жүргізіледі.

 

Энергетика министрлігі жобаның техникалық тапсырмасын әзірлеп, зауыт орналасатын төрт өңірдің бірін соның ішінде Маңғыстау облысын қарастыруда.Болашақ кәсіпорын жылына 10 миллион тонна мұнай өңдеуге және халықаралық стандарттағы авиациялық керосин өндіруге мүмкіндік береді.

 

«Жобаның орындалуы Үкіметтің тұрақты бақылауында», — деді Бектенов.

Барлық жаңалық