Жаңалықтар

Қаза тапқан кеншілердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетіледі

Қаза тапқан кеншілердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетіледі
Ұлытау облысы әкімдігі қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетеді. Бұл туралы аймақ басшысы Дастан Рыспеков хабарлады, - деп жазады Ozgeris.info. «Қазақмыс» компаниясы тарапынан да опат болғандардың отбасыларына барлық көмек түрі беріледі. Жұмысшының орташа жалақысының 10 еселенген мөлшерін және жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін 2 миллион теңгеден астам қаражат төленеді. Сондай-ақ асыраушысынан айырылуы бойынша ай сайынғы төлемдер, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несиесін жабу, отбасы мүшелерінің өтініші бойынша басқа да көмек түрі қарастырылады.
Барлық жаңалық