Қоғам

Қаза болған сарбаздардың отбасыларына көмектескісі келетіндер ақшаны арнайы қорға аудара алады

Қаза болған сарбаздардың отбасыларына көмектескісі келетіндер ақшаны арнайы қорға аудара алады

Маңғыстау облысында әскери міндетін орындау кезінде Каспий теңізінің акваториясында қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қолдау көрсеткісі келетін азаматтар үшін қаражат аударудың бірыңғай ресми реквизиттері белгіленді, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, көмек көрсеткісі келетін азаматтар, кәсіпкерлер мен ұйымдар қаржылай қолдауды «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің шотына аудара алады.

Жиналған қаражат қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетуге жұмсалады. Қаражаттың қозғалысы мен қордың қызметі мемлекеттік және құқық қорғау органдарының бақылауында болады.

Қазірдің өзінде Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері 815 млн теңге көлемінде көмек жинаған.

Әкімдік азаматтарды қаражатты тек ресми реквизиттер арқылы аударуға шақырды. Жеке тұлғалардың банк карталарына немесе белгісіз шоттарға ақша жібермеу сұралды.

Қаражат аударуға арналған реквизиттер:

«Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігі
БСН: 090140013447
Банк: «Alatau City Bank» АҚ
БСК: TSESKZKA
ЖСК: KZ03998PTB0000488655
Валюта: KZT

Барлық жаңалық