Қоғам

Каспийде қаза болған тағы екі әскери қызметшінің аты-жөні белгілі болды

Каспийде қаза болған тағы екі әскери қызметшінің аты-жөні белгілі болды

Каспий теңізінде оқу-жауынгерлік міндетін орындау кезінде жоғалған тағы екі әскери қызметшінің денесі табылды. Олардың аты-жөні де белгілі болды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бүгін, 25 қыркүйекте сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денесі табылған.

Осылайша, бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің тағдыры анықталды. Іздестіру-құтқару операциясы аяқталды.

Еске салайық, қайғылы жағдай оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде ауа райының күрт нашарлауынан болған. Соның салдарынан 17 әскери қызметші ашық теңізге кеткен.

Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Барлық жаңалық