Жаңалықтар

Іздестіру жұмыстары аяқталды: Каспийден тағы 2 сарбаздың денесі табылды

Іздестіру жұмыстары аяқталды: Каспийден тағы 2 сарбаздың денесі табылды

Каспийде екі әскери қызметшінің денесі табылды, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Осылайша қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Бұл туралы сүңгуір Арыстан Новрузов хабарлады. 

Іздестіру жұмыстары аяқталды. 

Айта кетейік, бұл іске 252 әскери қызметші, 34 бірлік арнайы жерүсті техникасы, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер, сондай-ақ 4 тікұшақты қоса алғанда, 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды.

Арыстанның айтуынша, шамамен 20 минут бұрын қаза тапқандардың денелері оқиға орнынан шығарылған. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысушылар құрал-жабдықтарын жинап, аумақтан шығуға дайындалып жатыр.

Барлық жаңалық