Ақтау маңындағы Каспий теңізінің акваториясында әскери қызметшілерді іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Оқиға орнынан редакция тілшісінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары барысында оқу-жаттығу кезінде теңізге кеткен тағы екі әскери қызметшінің денесі табылған. Құтқарушылар олардың денесін жағаға шығарды.
Қазіргі уақытта тағы бес әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, әскери оқу-жаттығуға қатысқан қызметшілердің арасында қаза тапқандар бар. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың кейбірінің әскердегі қызметін аяқтауына небәрі 8-9 күн қалған.