Әнші Димаш Құдайберген Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Өнер иесі жас сарбаздардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
"Біздің Ақтауда көз жұмған 18-19 жасар інілерімді қимай жүрегім ауырып, айтуға сөз таба алмай отырмын.
Балалық кезеңнен енді ғана шығып келе жатқан кезде жап-жас ғұмырлардың осылайша үзіліп кеткені...
Қаза болған бауырларымыздың ата-анасына, туған-туыстарына, жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Алла жүректеріңізге сабыр, өздеріңізге күш берсін.
Інілерімнің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Жандары жәннатта болсын.
Е Алла, құдіреті күшті Алла, інілерімді алдынан жарылқағайсың. Ешбір ата-ана баласының артында қалмасын...", - деп жазды ол.
Елімізде мұндай қасірет енді қайталанбасын.
Қош болыңдар, бауырларым», – деп жазды Димаш Құдайберген.