Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан үш әскери қызметшінің денесі арнайы рейспен Орал қаласына жеткізілді, деп жазады Ozgeris.info.
Қаза тапқандар – Жеңіс Темірғалиев, Өмірбек Өмірзақ және Ақжайық Гилаж.
Әкімдік мәліметінше, әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі мен жерлеу 26 қыркүйекте өтеді.
Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан да қосымша қолдау көрсету жоспарланған.
Еске салайық, Маңғыстау облысында Каспий теңізінде өткен Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде ауа райы күрт нашарлап, бірқатар әскери қызметші теңізге кеткен болатын. Кейін олардың арасында қаза тапқандар бар екені ресми түрде хабарланды.