Желі қолданушылары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың көптен бері алғаш рет бірге жүргенін байқады. Жақында бесінші сәбиі дүниеге келген жұп сырт көзге бақытты көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімованың отбасында үлкен той болды – төркіні келін түсірді. Тойға Қайрат Нұртас пен әкесі барған. Екеуі де жас жұбайлардың құрметіне өнер көрсетті. Жұлдыз Әбдікәрімованың Instagram желісіндегі парақшасында отбасылық шарадан фото, видео жарияланды.
Кадрлардан Қайрат пен жұбайының ортаға шығып, жас жұбайларға тілек білдіріп жатқанын, сосын көңілді әуенге билегенін көруге болады.
Жұлдыз Әбдікәрімова кештің ханшайымы болды, ол өзіне шап-шақ, әдемі жарасатын, иығы ашық қызғылт сары көйлек киген, Қайрат үстіне қою қызыл жейде киіп, өзгермейтін аксессуары - қара көзілдірігін тағып алған.
Жақында бесінші сәбиі дүниеге келген ерлі-зайыпты сырт көзге өте бақытты болып көрінді, осылайша олар ажырасып кетті деген қауесетке нүкте қойылды.