Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан астанасы Душанбе қаласына келді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Халықаралық әуежайда Президентті Тәжікстан Премьер-Министрі Кохир Расулзода қарсы алды.

 

 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен екіжақты кездесу өткізіп, «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.Ал 10 қазан күні Қазақстан Президенті ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысуы жоспарланған.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарланғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен 9–10 қазан күндері Душанбе қаласында өтетін «Орталық Азия – Ресей» саммиті мен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін ресми сапармен барды.

 

Айта кетсек, 2024 жылдың тамыз айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

 

Барлық жаңалық