Жаңалықтар

Павлодарда әйел күйеуінен көрген қорлығын ашық айтты

Павлодарда әйел күйеуінен көрген қорлығын ашық айтты

Әлеуметтік желіде Томирис Нұрмағамбетова видеоүндеу жариялап, өзінің отбасылық жағдайына қатысты ауыр мәселелерді мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Ол күйеуі Әнуар Арманұлы Нұрмағамбетовтен бір жыл бойы қысым мен қорлық көріп жүргенін айтып отыр.

 

Томиристің сөзінше, ер адам жиі бақылап, «өлтіремін» деп қорқытқан. Тіпті бірнеше рет заңсыз әрекетке барған: пәтеріне рұқсатсыз кіріп, ішінде тосып отырған, көше ортасында шабуыл жасап, көлігін тартып алған. Осы оқиғалардың салдарынан ол полицияға шағым түсіруге шешім қабылдаған.

 

«Бір жылдан бері өмірім қауіпте. Қол көтерген кездері де болды. Ақыры амалсыз Павлодардан көшіп кетуге мәжбүр болдым. Бұл әділетсіздікті жасырып отыра алмаймын, халық шындықты білуі керек», – дейді ол.

 

Нұрмағамбетов өзін қоғамда «Бишімбаев 2» деп атап, бұрын сот жүйесінде істегенін және байланыстарын пайдаланып жүргенін де жасырмайтын көрінеді. Сонымен қатар ол ажырасуға келісім бермей, түрлі қысым көрсеткені айтылады.

 

Белгілі болғандай, Томирис Қанатқызы – Павлодар қаласындағы ҰҚК департаментінің бұрынғы жоғары лауазымды қызметкерінің қызы.

Барлық жаңалық