Павлодар облысы

Павлодар қаласының базарында ер адам өзін-өзі өртемек болды

Павлодарда қаладағы базарлардың бірінде ер адам өзін өртемек болды, деп жазады ozgeris.info сайты Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға “Жайлау” базарында тіркелген. Белгілі болғандай, жергілікті жалға алушылардың бірі осындай қадамға барған.

 

“Алдын ала болжам бойынша, бұл әрекетке жалдау ақысымен байланысты мәселелер түрткі болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен базар әкімшілігі қауіпсіздік шараларын қабылдап, жедел жәрдем шақырды”, – делінген полиция хабарламасында.

 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық жаңалық