Шоу-бизнес

"Өліп кетсең не болар еді?": Бүркіттің қарындасы неге пышаққа түскенін айтты (ВИДЕО)

"Өліп кетсең не болар еді?": Бүркіттің қарындасы неге пышаққа түскенін айтты (ВИДЕО)

Танымал әнші Бүркіттің қарындасы Әсел Асқар не себепті ота жасатқанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында бөліскен. 

"Соңғы 3 жарым жыл бойы мен өзіме бұрынғы омырауымды қайтаруды армандадым. Екінші босанудан кейін менің көкірегім қатты түсіп кетті. Мен өзіме әдемі емес іш киім мен суға түсуге арналған киім таңдаудан шаршадым. Қыздар мені түсінеді деп ойлаймын. Мен осы уақытқа дейін еліміздегі ең мықты клиникаларға барып сөйлестім. Ұзақ уақыт бойы отыра алмадым, жүре алмадым, қатты ісіндім. Ота оңай болмады", - деді ол. 

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. 

"Құдай сақтасын, Аллам берген денеммен жүре берейік", "Мына видеоны аяғына дейін көріп денем тітіркеніп кетті ғой", "Ақшам жоқ болғанына шүкір деймін ше", "Өліп кетсең не болады, оңай емес операция", "Сап-саусың ғой, операция не керек", "Өміріңе қауіп төндіріп не керегі бар", "Не азап деймін да", "Еріккен екен", - деп жазды оқырмандар. 

Барлық жаңалық