Қоғам

«Ол адам күні-түні қорқытады»: Дана Нұржігіт жұртты ойландырып қойды

«Ол адам күні-түні қорқытады»: Дана Нұржігіт жұртты ойландырып қойды

Тележүргізуші Дана Нұржігіт тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдің жағдайын айтып, көпшілікке жанайқайын жеткізді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Журналистің айтуынша, жуырда ол көмек сұрап келген әйелмен кездескен. Басы бос келіншек ажырасқаннан кейін ер адаммен танысып, араласқан. Алайда екі айдың ішінде оның өмірі тозаққа айналған.

Дана Нұржігіттің сөзінше, әлгі азамат әйелдің ақшасын алып қойған, үйінен кетпей қорқытып, соңынан аңдыған. Соңғы рет келгенінде бірнеше сағат бойы үйге қамап, күш көрсеткен көрінеді. Әйел өз үйінен әрең қашып шыққан.

Тележүргізуші жәбірленуші полицияға арыз жазып, іс қозғамақ ниетте екенін, алайда адвокат жалдауға қаражаты жоқ екенін жеткізді.

"Ол адам күні-түні қорқытып, әртүрлі телефон нөмірлерінен хабарласады. Бұл – сталкинг. Таныс жағдай", – деп жазды Дана Нұржігіт.

Сондай-ақ ол әйелге көмектесу қажет екенін айтып, бұл жағдайдан кейін қатты алаңдап отырғанын жасырмады.

Барлық жаңалық