Жаңалықтар

Нартай Сәрсенғалиев дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті болып тағайындалды

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев Қазақстанның дәстүрлі садақ ату федерациясының жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты ұйымның ресми Instagram парақшасына сілтеме жасап.

 

Бұл қызметті бұған дейін 2023 жылдан бастап басқарған Мұқатаев Айдос Зиядұлы өз орнын босатқан болатын.

 

Нартай Аралбайұлы қазіргі таңда ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Ол 2021 жылы “Шапағат” медалімен марапатталған. Сонымен қатар, БАҚ саласында Қазақстан Республикасы Президентінің грантының иегері, халықаралық “Шабыт” фестивалінің гран-при жүлдегері, екі мәрте “Тұмар” сыйлығының лауреаты атанған.

 

Федерацияның ресми құттықтауында:

“Нартай Аралбайұлы, спорт федерациясының президенті қызметіне тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл қадам еліміздегі спорттың жүйелі дамуына жаңа серпін беретініне сенеміз. Алдағы жұмысыңызда табыс, салиқалы шешімдер мен биік жетістіктер тілейміз. Сіздің еңбегіңіз ел спортының өркендеуіне зор үлес қосатынына нық сенім білдіреміз”, – делінген.

Барлық жаңалық