Жаңалықтар

Найзағай, бұршақ: Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

26 шілдеде Қазақстанда ауа райы күрт өзгеріп, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. 

 

“Қазгидромет” мәліметінше, 16 облыста найзағай, бұршақ, шаңды дауыл, қатты жаңбыр және аптап ыстық күтіледі. Көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

 

  • Алматы облысында найзағай мен 20 м/с жылдамдықтағы жел болады. Қонаевта температура 42°С дейін көтеріледі.
  • Ұлытау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында найзағай, бұршақ, дауыл және шаңды жел күтіледі. Қызылордада жел жылдамдығы 28 м/с дейін жетеді.
  • Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, ШҚО аймақтарында найзағайлы жаңбыр, бұршақ пен ыстық ауа райы болады. Павлодарда 35°С, Талдықорған мен Таразда 40–42°С болады.
  • Қостанай мен СҚО тұман, қатты жаңбыр, бұршақ және 25 м/с дейін жететін жел күтіледі.
  • Түркістан облысында шаңды дауыл мен 41°С аптап ыстық болады.

 

 

Синоптиктер мен ТЖ қызметі тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтап, мүмкіндігінше далаға шықпауға шақырады.

Барлық жаңалық