Танымал әнші Kalifarniya концерттердің бірінде жанды дауыста ән орындаймын деп сынға ұшырады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Ол «Қымбаттым» әнін Мирас Жүгінісовпен бірге орындағанымен, музыканың ырғағына ілесе алмай қалған. Әнші бұл жағдайды дауысы сыр беріп, тамағы ауырып тұрғанымен түсіндірді. Алайда желі қолданушылары әншінің жанды дауысы фонограммадағы нұсқасына мүлде ұқсамайтынын жазып, наразылық білдірді.
«Жанды дауыста айтса, үнемі тамағы ауырып қалады екен», «Тыңдап отырған адамдарды аяймын», «Маскалары шешіліп жатыр», «Мен мынадан да жақсы айтамын», «Түк дауысы жоқ», «Сахнаға шығарып, аспанға көтеріп жүрген әншілеріңнің шынайы дауысы осы», «Тамағы ауырған жоқ, тональностке түсе алмай тұр», – деп жазды олар.
Оқиға желіде қызу талқыланып, әншінің орындаушылық деңгейіне қатысты түрлі пікірлер туғызды.