Жаңалықтар

«Көрсеңіз, кешірім сұраймын»: Танымал хирург ота жасатқан жұлдыздардың сырын ашты

«Көрсеңіз, кешірім сұраймын»: Танымал хирург ота жасатқан жұлдыздардың сырын ашты

Танымал хирург Берік Қалмен пластикалық ота жасатқан және табиғи сұлулығымен ерекшеленетін өнер иелерін атады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап, танымал тұлғаларды екі топқа бөліп қарастырған.

Хирургтың айтуынша, пластикалық отаға жүгінгендердің қатарында Баян Мақсатқызы, Динара Сәтжан, Жанар Дұғалова, Кәмшат Жолдыбаева және Жәния Джуринская бар. Ал табиғи сұлулық иелері ретінде Айдана Меденова мен Damelya Sweet- ті атаған.

Берік Қалмен бұл жазбаның ойын-сауық сипатында екенін де атап өтті. Оның айтуынша, видеода аталған тұлғалардың көпшілігі сырт келбетіне жасалған өзгерістер туралы ашық айтып жүр.

 

Барлық жаңалық