Танымал музыкант Ерлан Көкеев концерттік қойылымдарда фонограмма қолдануға салынған тыйымға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Arasha.
Өнерпаз бұл туралы әлеуметтік желіде жазып, фонограмманы адамдарды алдау және көзбояушылық деп атады.
«Көрермен иллюзия үшін ақша төлеуге міндетті емес. Көрермен жанды дауысты естуге құқылы, флешкадан қосылған жазбаны емес. Енді бәрі анықталады: кім нағыз музыкант, ал кім тек кейіп танытып келгені. Сахна тазарады», — деп жазды ол.