Жапон императорлық мұрағатынан алынған сирек құжаттар 1919 жылғы қаңтарда Верныйда өткен жиында қазақтардың (құжатта — «қырғыздар») өз билігін құруға талпынғанын дәлелдейді. Бұл тарихи деректі Threads әлеуметтік желісінің қолданушысы Нұрбол Ілиясов жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Нұрбол Ілиясовтың айтуынша, оған Жапония императорлық архивінен 1918–1920 жылдар аралығындағы Сібір мен Орта Азияға қатысты құжаттарға қол жеткізу үлкен қиындықпен мүмкін болған. Бұл архивтік деректерге сүйене отырып, ол 1919 жылы 27 қаңтарда Верный қаласында (қазіргі Алматы) өткен құпия жиын туралы мәліметтерді ұсынды.
[caption id="attachment_48315" align="aligncenter" width="1024"]
Құжатта, жапон Генеральды консулы Йосихиро Кикучи 1919 жылдың 31 қаңтарындағы докладында Жетісу аймағындағы жағдайды баяндап, Верный қаласындағы жиналыстың негізгі шешімдері мен нәтижелерін сипаттаған.
Жиналыс барысында қатысушылар байлар мен ауқатты топтардың қолдауын алу, кедейлерге жәрдемдесу, өзін-өзі қорғау жасақтарын құру және жергілікті басқару органдарын ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған. Бұл әрекеттер халықтың большевизмге (қызылдардың ықпалына) қарсы екенін аңғартты. Сонымен қатар, бұл қадамдар ел ішіндегі тәртіп пен тұрақтылықты сақтауға бағытталғаны атап өтілген.
[caption id="attachment_48316" align="aligncenter" width="849"]
Құжатта бұл жиынның көтеріліс немесе бүлік болмағаны айтылса да, кеңестік билік оны Қызыл армия мен кеңес үкіметіне қарсы әрекет деп бағалап, қатаң бақылау орнатқан. Салдарынан жиналысқа қатысқандардың көбі із-түзсіз жоғалып кеткен немесе тұтқындалған. Ал басты ұйымдастырушы батыс өңірге жасырын кетіп, әзірге табылмаған.
[caption id="attachment_48318" align="aligncenter" width="849"]
Посмотреть в Threads