Қазақстандық спорттың мақтанышы, әйгілі боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына ресми түрде енгізілді деп жазады Оzgeris.info. Бұл туралы ақпаратты Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.
Ресми мәліметте:
«Геннадий Головкин International Boxing Hall of Fame қатарына ресми енгізілді! Тарихта алғаш рет Қазақстан атынан бір спортшы осындай жоғары мәртебеге ие болып отыр. GGG-дің жолы табысты әуесқой карьерадан бастап, XXI ғасырдың ең үстем орта салмақ чемпиондарының біріне айналған аңызға толы еңбек», – делінген.
Головкиннің Даңқ залына енуі оның әлемдік деңгейдегі беделін тағы бір дәлелдейтін тарихи оқиға. Спорт жанкүйерлері бұл жаңалықты зор қуанышпен қабылдауда.