Қоғам

Жамбыл облысында қызына бейәдеп сөз айтқан әке сотталды

Жамбыл облысында қызына бейәдеп сөз айтқан әке сотталды

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында масаң күйде қызын боқтаған әке сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.

Әкімшілік істі Сарысу аудандық соты "былапыт сөйлеу, кемсіту" бабымен қарады.

"Жаңатас қаласында ер адам мас күйінде өзінің туған қызына былапыт сөздер айтқан. Қыздың анасы полиция шақырып, хаттама толтырылды", - дейді ведомстводағылар.

Сотта қыздың әкесі кінәсін толық мойындаған.

Алайда жәбірленуші сотқа құқық бұзушымен татуласқанын және ешқандай қарсылығы жоқ екенін айтқан.

Бұл баппен кінәлі болған адамға ескерту жасалады немесе 20 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 5 тәулікке әкiмшiлiк қамаққа алынады.

Алайда қызымен татуласқандықтан ер адамға жаза тағайындалмады.

Барлық жаңалық