💰 Экономика

Енді екінің бірі банк аша бере ала ма?

Қазақстанда банк ашу және лицензия беру тәртібі жеңілдейді. Мәжіліс тиісті заң жобасы бойынша қорытынды дайындады, деп жазады Ozgeris.info.

Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельева:

«Заң жобасы қаржы секторын дамытуға, жаңа банктердің ашылуына және бәсекелестікті арттыруға бағытталған»,  деді.

Жоба аясында базалық банктік лицензия енгізіліп, бизнесті несиелендіру жеңілдейді. Сонымен қатар қаржы ұйымдарын басқаруға тек кәсіби білікті мамандар жіберіледі.

Сондай-ақ төлем қабілеті төмен банктердің қызметін реттеу тетіктері енгізіліп, салымшылардың мүдделері қорғалмақ. Цифрлық теңге мен цифрлық активтердің айналымына арналған заңнамалық база да әзірленеді.

Барлық жаңалық