Шоу-бизнес

"Ақыр заманның белгісі": Нағима Есқалиева тойда рэп оқып, көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

"Ақыр заманның белгісі": Нағима Есқалиева тойда рэп оқып, көптің ашуына тиді (ВИДЕО)

Қазақстанның халық әртісі Нағима Есқалиева 61 жастағы Мейрамгүл Қожашевамен бірге тойда рэп орындап, жұртты таңғалдырды. Былтыр қызын ұзатқан тойда Gangsta’s Paradise әнін айтып бірден танылған Мейрамгүл апа бұл жолы да сол хитпен сахнаға шыққан, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Тойға келген қонақтардың бірі болған Нағима Есқалиева да қарап тұрмай, микрофонсыз-ақ ритмге ілесіп, кейіпке еніп, Мейрамгүл апамен дуэт болып рэп оқыды.

Әлеуметтік желіге тараған видео әп-сәтте жұрттың назарын аударды. Пікір жазғандардың бірі:

«Бұлар ұрсысып тұрғандай көрінеді», «Нағыз гангста-әжелер!», «Нағима мықты ғой!» — деп сүйсінді.

Дегенмен бәріне бірдей жақпай қалды. Кейбір пайдаланушылар сын пікір қалдырған:

«Жындыхана ма деп қалдым», «Бұл — ақырзаманның белгілері ғой», «Құдай сақтасын», — деп жазғандар да болды.

Барлық жаңалық