Желтоқсан туа сала ел ішінде бір қызық көрініс басталады. Үй-үйде мерекелік көңіл күй оянып, дүкен аралап жүрген адам көбейеді. Бірі шыршаға ойыншық іздейді. Бірі тәттіге ұмтылады. Бірі қайда демаламын деп ойланса, тағы бірі не сыйласам деп интернет ақтарады. Жаңа жылдың дәл алдындағы осы қарбалас күндерде не болып жатқанын түсіну үшін Yandex Ads былтырғы желтоқсан мен биылғы қаңтар аралығындағы іздеу сұраныстарын талдаған екен. Шырша мен мерекелік әшекейлердің арасында 3D принтер, бар және ақ шоколад қаз-қатар тұрыпты, деп жазады Ozgeris.info.
Сыйлық іздеу қарашадан бастап-ақ көбейеді. Ал мерекеге бір апта қалғанда сұраныс шарықтау шегіне жетеді. Адвент күнтізбесі туралы іздеу өткен жылмен салыстырғанда 61 пайызға артты. Әріптеске сыйлық іздеу 53 пайызға, ал сыйлық сертификаттарына қызығушылық 37 пайызға өскен.
Yandex Ads өкілі Мадина Сейсенғалиева мұны былай түсіндіреді:
«Жаңа жыл алдындағы кезең пайдаланушыға да, бизнеске де ең қарбалас уақыт. Әр адам жақындарына сыйлық ойлап, дастархан мәзірін жоспарлап жүреді. Мұндай сәтте компаниялар үшін бәсекелестен ерекшелену қиын. Сол үшін іздеу жүйесінде алдын ала жарнама жасап, клиенттің назарын ерте кезеңде тарту өте маңызды. Яндекс Іздеу қызметінде жарнама қосу брендтің тұтынушымен алғашқы байланысты орнатуына көмектеседі және сатып алу ықыласын күшейтеді»
Жалпыға ортақ сыйлықтардың ішінде түрлі сервистерге жазылу ерекше танымал болды. Желтоқсанда жазылымдарға сұраныс 36 пайызға артқан. Ең үлкен өсім мультижазылымда 45 пайыз, ойындарға арналған жазылым 39 пайызға көбейген. Telegram Премиум да 39 пайызға өсіпті.
Балалардың жаңа жыл алдындағы қуанышы да бөлек. Жаңа жылдық кештер, балаларға арналған шырша, қойылымдар жайлы іздеу қазанның соңында көбейе бастайды. Ал желтоқсан ортасында ең жоғары деңгейге жетеді. Балаларға арналған сыйлықтар туралы сұраныс айдың екінші аптасында шегіне жетеді.

Халық мерекеде қалай уақыт өткізуді де көп іздейді. Мөлшерлеп айтқанда ледовый каток туралы сұраныс 3,7 есеге көбейген. Боулинг 61 пайызға, ал караоке 49 пайызға артқан.
Жаңа жыл десе, міндетті түрде дастархан еске түседі. Желтоқсанда азық-түлікке деген сұраныс 33 пайызға өскен. Рецепт іздеу 30 пайызға, үйге тағам жеткізу 41 пайызға, дайын тамақты жеткізу қызметі 23 пайызға артқан. Азық-түлік ішінде ең үлкен өсім теңіз өнімдерінде 93 пайыз, кондитерлік өнімдер 36 пайызға, ет өнімдері 33 пайызға өскен.
Тәттілер мен сусындар бойынша көш бастап тұрғаны – ақ шоколад. Оған деген іздеу былтырғыдан 78 пайызға көбейген. Карамель 72 пайызға, шоколадты кәмпиттер 59 пайызға, печенье, вафли, пряник 56 пайызға, ал кәдімгі шоколад 42 пайызға артқан. Сусындар ішінде шәй 29 пайызға, кофе 24 пайызға, шырын, морс, нектарлар 24 пайызға, газды сусындар 17 пайызға өскен.
Техника да биыл ерекше сұраныс көрген. Сыйлыққа сатып алынатын заттар ішінде электроника топ бастап тұр. 2024 жылдың желтоқсанында 3D принтерге қызығушылық 62 пайызға артқан. VR көзілдірігі 52 пайызға көтерілген. Тұрмыстық техника ішінен ең жылдам өскен сұраныс – аэрогрилде тұр. Ол 121 пайызға артқан. Стайлер 101 пайыз, бумен тазалағыш 93 пайызға артқан.
Ал ақылды техникаға деген жалпы қызығушылық 2 есеге көбейіпті. Ақылды колонка 50 пайызға, ақылды теледидар 45 пайызға жоғарылаған.
«Жаңа жылда адамдар өзіне де, жақындарына да ерекше, тосын сыйлық алғысы келеді. Құны жоғары тауарларға таңдау ұзақ жүреді. Бір адам орта есеппен 8 рет іздеу жібереді және 6 түрлі сайтқа кіріп салыстырады. Сатып алу шешімі шамамен 8 күнде қабылданады. Сондықтан компаниялар бір ғана жарнамаға емес, бүкіл кезең бойы тұтынушымен байланыс орнататын стратегияға сүйенуі керек. Мұндай тәсіл жарнаманың тиімділігін орта есеппен 25 пайызға арттырады және клиент тарту құнын 20 пайызға төмендетеді», дейді маман М. Сейсенғалиева.

Жаңа жылдық әшекейлердің сұранысы тіпті бәрінен озып тұр. Жасанды шыршаларға қызығушылық 206 пайызға артқан. Тірі шыршаға деген сұраныс 176 пайызға, шырша ойыншықтары 188 пайызға, жаңа жылдық аксессуарлар 183 пайызға, гирлянда іздеу 165 пайызға көтерілген.
Сұлулық пен хош иіс өнімдеріне сұраныс та артылады. Косметика мен парфюмерия дүкендері жайлы іздеу 112 пайызға өскен. Декоративті косметикаға сұраныс 46 пайызға, ал күтімге арналған өнімдер 40 пайызға көтерілген.
Қызығы, көп адам интернеттен қарап алып, тауарды офлайн дүкеннен сатып алады екен. Сондықтан желтоқсанда Яндекс Карт қызметінде дүкен бағытын іздейтіндер көбейген. Үй тауарлары дүкендері, косметика, парфюмерия және үлкен супермаркеттерге апаратын маршруттар айтарлықтай көбейеді.
Yandex Ads өкілі бұл үрдісті былай түсіндіреді:
«Онлайн сатып алу көбейгенімен, адамдар офлайн сатып алуды тоқтатқан жоқ. Жаңа жыл алдында жеткізу қызметі баяулап, тапсырыс көп болғандықтан, сатып алушылар тауарды бірден алып кеткенді қалайды. Сол үшін бизнес дүкен туралы мәліметті нақтылап, жұмыс уақытын жаңартып, акциялар мен ұсыныстарды белгілеп қоюы керек. Бұл жақын маңдағы сатып алушының назарын бірден аударуға көмектеседі»
Жалпы іздеу жүйесі көрсеткендей, әр жаңа жыл өзінше өзгеше өтеді. Бірақ бір нәрсе өзгермейді. Халықтың басым бөлігі сыйлықты соңғы 2 аптада іздей бастайды.
Қанша жерден технология дамып, трендтер ауысып жатса да, жаңа жылдық қарбаластың табиғаты сол күйі қалатын сияқты.