Жаңалықтар

Тоқаев Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Тоқаев Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Маха Вачиралонгкорнды Таиланд Корольдігінің Ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Президент Астана мен Бангкок арасындағы достыққа, өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры биік, әлеуеті мол екенін атап өтті. 
Сонымен қатар екі елдің сан қырлы ықпалдастығы қос халықтың игілігі жолында беки беретініне сенім білдірді.

Осыған дейін Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президентін Ұлттық мерекесімен құттықтаған болатын.

 

Барлық жаңалық