Қоғам

«Эмоциямнан-ақ байқауға болады»: Ләйлә Сұлтанқызы 30 жыл бұрын пойызда танысқан ер адамға іздеу салды

«Эмоциямнан-ақ байқауға болады»: Ләйлә Сұлтанқызы 30 жыл бұрын пойызда танысқан ер адамға іздеу салды

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына Тәңірберген Бердонғар 30 жыл бұрынығы суретті сыйға тартты, деп хабарлайды ozgeris.info turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Тележүргізуші пойызда кездейсоқ суреттегі белгісіз адамды іздейтінін айтты. 

"30 жыл бұрынғы Ләйләні көремін деп ойламаппын, шыны керек. Фотоны көргендегі эмоциямнан-ақ байқауға болатын шығар, қалай таң қалғанымды Негізі Тәңірберген Бердоңғармен сұқбатымызда бәрі болды. Махаббат, тәрбие, саясат және 30 жыл архивте шаң басып жатқан фото", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, суретте Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттен келе жатқан пойызда кездейсоқ таныстығы бейнеленген. Ол кезде жүргізуші радиода жұмыс істеп жүргенін айтты.

Барлық жаңалық