Жаңалықтар

Елімізде құрлық шекарасы бойынша енгізілген шектеулер алынады

Елімізде құрлық шекарасы бойынша енгізілген шектеулер алынады

11 сәуірден бастап Қазақстан Қырғызстанмен, Өзбекстанмен және Ресеймен құрлық шекарасы бойынша шектеулерді алып тастайды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жазды.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл туралы шешімді 6 сәуірде қабылдады.
Ертең, 11 сәуірден бастап дос-жаран, туыстары мен жақындарымен ұзақ уақыт бойы қауышпаған адамдар өткізу бекеттерін шектеусіз кесіп өте алады. Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуеқатынасы арқылы кесіп өтуге белгіленген барлық шектеулер алынады,-делінген хабарламада.
 
Барлық жаңалық