Шоу-бизнес

Елдос Сметов Жұмабек Жанықұловтың сыйлаған 61 млн теңгелік көлігінен неге бас тартты

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзіне сыйға берілген Mercedes-AMG GLE маркалы көлікті сатылымға шығарды. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасындағы сторисінде хабарлады, деп жазады Ozgeris.info сайты SMARTNEWS.KZ сайтына сілтемемен.

 

«Сатылымға шықты, жұғысты болсын деп… Алушылар болса, үлгеріңіздер», – деп жазды дзюдошы өз жазбасында.

 

Белгілі болғандай, бұл көлікті Сметовке кәсіпкер, журналист Динара Сәтжанның жұбайы Жұмабек Жанықұлов сыйға тартқан. Ол Париж Олимпиадасындағы жеңісінен кейін чемпионды жеке құттықтап, қымбат көлікті тарту еткен еді.Сонымен қатар, кәсіпкерлер Жұмабек Жанықұлов пен Сырымбек Тау өзге жүлдегерлерге де сый жасаған. Ағайынды Нұрбек пен Айбек Оралбайға Toyota Prado, ал Назым Қызайбайға Mini Cooper автокөліктері табысталған.

Барлық жаңалық