Қоғам

«Біздің олигархтар жыртқыш секілді халықты тонады»: Саясаттанушы қазақты кім тонағанын айтты

«Біздің олигархтар жыртқыш секілді халықты тонады»: Саясаттанушы қазақты кім тонағанын айтты

Саясаттанушы, қоғам белсендісі әрі журналист Асхат Асылбеков «Qasqa jol» YouTube арнасына берген сұхбатында мемлекеттің дамуына үлес қосу үшін билікке немесе таққа таласудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

«30 жыл бойы Қазақстанды кім тонады? Қазақстанды тонаған – қазақтар! Ал мәдениетті адам өз халқын тонамайды. Ал біздің олигархтар жыртқыш секілді халықты тонады. Енді бұлай жалғаса берсек, бірікпесек, 10 жылдың ішінде Қазақстан деген мемлекеттен айырылып қалуымыз мүмкін. Себебі біз егемендікті қадірлемейміз, өйткені, соғысқан жоқпыз. 

Сондықтан Үкімет коалициялық болуы керек. Осы ойды Тоқаев бірнеше рет айтты.

Менің бір-ақ ғана арманым, мақсатым бар, ол – Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтап қалу. Өйткені қауіп көп, өмір өзгерді, ешқандай кепіл жоқ. Сол үшін біз ешқандай тіл, ұлтаралық мәселені көтермеуіміз керек. Біздің жауларымызға сылтау бермеу керекпіз. Бірігу керекпіз, нағыз интерноциональды көп халықты, этносты мейірімді халық болу керек. Сонда ғана көршілермен сауда жасап, тату-тәтті тұруға болады», - деді Асхат Асылбеков.

Барлық жаңалық