Желіде InDrive жүргізушісі мен отадан шыққан жолаушы арасындағы жанжал қызу талқыланып жатыр. Бойжеткен жүргізушіге ескерту жасап, музыканы өшіруді өтінгенін, ал ол талапты елемей әдейі ашуға тигенін айтты,деп хабарлайды Ozgeris.info.
Видео авторының сөзінше, отадан соң басы ауырып, өзін жайсыз сезінгендіктен жүргізушіден музыканы бәсеңдетуді бірнеше рет сұраған. Алайда таксист өтінішті орындамаған соң, амалсыз жағдайды камераға түсіріп, желіге жүктеген.
Бұл бейнежазба желіде тұтынушылық мәдениет пен таксистердің әдебі туралы үлкен дау тудырды.
Жүргізушіні айыптағандар ақылы қызмет көрсетіп жатқан жүргізуші элементарлы әдептілік сақтап, жолаушының өтінішін орындауға міндетті екенін алға тартты.
Жолаушыға сын айтқандар бойжеткеннің бұйрық бергендей сөйлеу мәнерін ұнатпай, видеоны «хайп» үшін жариялады деп есептейді.
Қазірше такси агрегаторы бұл жағдайға қатысты ресми пікір білдірген жоқ.