Жаңалықтар

Астанада 6-қабаттан дәрет сындырған ер адам іздестіріліп жатыр

Астанада 6-қабаттан дәрет сындырған ер адам іздестіріліп жатыр

Астанада ер адам тұрғын үйлердің біріндегі алтыншы қабаттың терезесінен дәрет сындырған, деп хабарлайды Ozgeris.info. 

Оқиға елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада қара киім киген ер адамның терезе алдында тұрғаны көрінеді. Келеңсіз әрекетті көршілердің бірі видеоға түсіріп, желіге жариялаған.

Астана қаласының полиция департаменті құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

“Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтап жатыр. Ер адам анықталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң аталған оның әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп жазылған жауапта.

Барлық жаңалық