Алматы облысы

Алматыда ірі жол апаты: 5 адам зардап шекті

Алматыда әл-Фараби даңғылында түнгі уақытта ірі жол-көлік апаты тіркелді деп хабарлайды Ozgeris.info. BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, бірден алты көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан бес адам түрлі жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

 

Апат 1 қарашаға қараған түні шамамен сағат 22:50-де болған. Куәгерлердің айтуынша, соқтығысудан кейін бірнеше көлік жолдың бойында қатты зақымданған, ал қозғалыс біраз уақытқа тоқтатылған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері дереу жеткен.Қазіргі уақытта зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

 

«Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бостандық аудандық полиция басқармасының тергеушілері оқиғаның себебін тексеруде. Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шыққан», — деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Тәртіп сақшылары апатқа қатысты тиісті сараптамалар тағайындалғанын, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданатынын атап өтті.Қазір оқиға орнында жол қозғалысы толық қалпына келтірілді. Полиция қала тұрғындарын жолда жылдамдықты сақтауға және ауа райы мен жол жағдайына байланысты аса мұқият болуға шақырды.

Барлық жаңалық