Жаңалықтар

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды ozgeris.info. 

Полицияның мәліметінше, Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында 5 желтоқсан күні жол апаты болған.

Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.

“Жол апатынан 2 жүргізуші және 2 жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді”, - делінген хабарламада.

Барлық жаңалық