Шоу-бизнес

«Ал сіздерге сабыр»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа қатысты жазбасымен ел назарын аударды

«Ал сіздерге сабыр»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа қатысты жазбасымен ел назарын аударды

Қазақстандық актриса әрі продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, әнші Қайрат Нұртасқа қатысты жазба жариялап, бірге бір-біріне қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өнер иесі шығармашылық жолда екеуі де үздіксіз ізденіп, өз салалары бойынша дамуға күш салып жүргенін жеткізді.

«Шамамыз жеткенше, қолдан келгенше бірге дамуға, шығармашылығымызды өз саламыз бойынша тоқтаусыз шыңдауға тырысып жүрміз. Бір-бірімізге қолдау көрсетіп, тіреу болуға уәделескенбіз. Ал сіздерге сабыр!», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

Желі қолданушылары бұл жазбаға түрлі пікір білдіріп, жұпқа қолдау білдіргендер де, олардың қарым-қатынасына қатысты өз болжамдарын айтқандар да болды

Барлық жаңалық