Қоғам

«20 бала тусаң да, ұстай алмайсың»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жариялаған бейнежазба жұрт талқысына түсті

«20 бала тусаң да, ұстай алмайсың»: Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жариялаған бейнежазба жұрт талқысына түсті

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанованың желіде жариялаған бейнежазбасы көпті ойландырып қойды.

Әншілікке бет бұрған Мөлдір Мұқанова желіде сымбатты ер азаматпен бейнежазба жариялаған. Видеодағы азамат актрисадан «Сен үшін бақытты отбасы деген не?» деп сұрайды, ол уақытта бақытты қариялардың жұбына қараған Мөлдір Мұқанова «Мәңгілік және адал отбасы» деп жауап қатады.

Қысқа бейнежазбаның пікір алаңына жұрт соңғы кездерде желіде тарап жүрген қауесеттерді сөз етті.

«Екінші әйел алу ол сатқындық па?», «Тұрсынбек опасыз емес. Оған сенемін», «Мен Тұрсынбектің басқа біреуге қарапты дегеніне сенбеймін», «Тұрсынбек Мөлдірді жұлдыз етіп шығарады. Ол 5 баласын, осындай сұлу пысық келіншегін тастамайды», «Кетем деген еркекті 20 бала тусаң да, ұстай алмайсың», «Өтірік болсын, шын болсын бізге келіп кетер пайдасы жоқ. Бірақ арзан әңгімеге бола әйел адам өзінің бетін өзге сүйдіріп, белін әркімге ұстата беретіндей біздің абыройымыз хайптан төмен бе?», - деп жазды олар.

Барлық жаңалық