«Кіре алмадым»: Нұрлан Қоянбаев туған үйін көрсетіп, естелігімен бөлісті

Фото: видеодан скриншот

Белгілі актер, әзілкеш, кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев балалық шағын есіне алып, туған жері Шиеліге барды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Қоянбаев туып-өскен үйін көрсетіп, бала кездегі бар арманы орындалғанын айтты.

“Өзіңіздің қалай өзгергеніңізді түсіну үшін ештеңе өзгермеген жерге қайта оралу керек» деген еді Нельсон Мандела. Үйге қайта оралған қандай тамаша?! Осы үйде дүниеге келдім, дәл осы үйде бақытты балалық шағым өтті. Бұл үйде, кішкентай кезімде саяхаттауды армандайтынмын. Арманым – Қызылорданы көру болды. Арманым орындалды! Күллі әлемді көрдім, бірақ ең құнды орын — ол туған үйім”, – деді актер.

Сонымен қатар әзілкеш үйін тек сыртынан ғана тамашалап, онда тұратын балаға ақылын айтты.

“Өкінішке қарай, үйге кіре алмадым. Өйткені басқа адамдар тұрады. Мүмкін, бұл үйде кішкентай, арманшыл бала тұратын шығар. Сол кішкентай балаға айтарым “Бүгін мен 45-ке келдім, кеше ғана осы үйде кішкентай бала едім… Уақыт тез өтіп кетті. Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын жалғыз капитал. Сондықтан да уақытыңды қадірле, ешкімді, ештеңені күтпе! Өзіңе сен, арманда, мұқит ас, әлемді көр, күшті өмір сүр, сенің қолыңнан барлығы келеді”, – деп жазды кинопродюсер.