Спорт

Қазақ футболшысы Ресейде үшінші ойын қатарынан гол соқты (ВИДЕО)

Грозныйдың "Ахмат" футбол клубында ойнайтын қазақстандық шабуылшы Максим Самородов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті, - деп хабарлайды ozgeris.info. Футболшы кеше Мәскеудің "Динамо" командасына қарсы ойында есеп ашып, командасын алға шығарды. Алайда матч аяқталар тұста қонақтар бір гол соғып, есепті теңестіріп кетті. Осылайша, екі команда бір-бір ұпайдан еншіледі.  
Барлық жаңалықтар