✅ Пайдалы

iPhone аккумуляторын қалай күту керек?

Қазіргі смартфондардың ең әлсіз жері – аккумулятор. Әсіресе iPhone батареясының сыйымдылығын (емкость) сақтау барша жанның басты мәселесіне айналған. Ozgeris.info тілшілері тақырыпты зерттеп көрді. iPhone батареясын қашан ауыстыру қажет?
  • Негізгі көрсеткіш — процессор қуатының шектелуі.
  • Параметрлер → Аккумулятор → Аккумулятордың күйі бөліміне кіріңіз.
  • «Өнімділікті басқару» функциясы қосылған-қосылмағанын қараңыз.
  • Егер қосылмаған болса — аккумулятор сау, ауыстыру қажет емес.
Функция тек батарея қуаты жетпей, телефон өздігінен өшкеннен кейін ғана қосылады. Батарея сыйымдылығы 80 %-дан төмендегенде ауыстыру ұсынылады. Алайда қуаты азайған телефоны сізге ыңғайсыздық тудырмаса, ауыстыру міндетті емес. Ауыстырудың қосымша белгілері: 
  • Телефон жылдам разрядталады.
  • Құрылғы қыза береді.
  • Суықта аяқасты өшіп қалады.
iPhone аккумуляторын қалай күту керек?
  • Толық разрядқа жеткізбеңіз. 20–30 % қалған кезде қуаттаңыз.
  • Пайдаланбасаңыз, Bluetooth пен Wi-Fi-ды өшіріңіз.
  • Жоғары температурадан сақтаңыз.
  • Фондағы энерго-қоректі қосымшаларды шектеңіз.
  • Тек түпнұсқа зарядтағыш қолданыңыз.
  • Mac немесе iPad адаптерімен тұрақты қуаттау ұсынылмайды.
iPhone аккумуляторы 1000 циклге есептелген.Сыйымдылық 80 %-дан түссе немесе қуат тез таусылса — ауыстырған жөн. Дұрыс қуаттау әдеттері батареяның «өмірін» ұзартады.
Барлық жаңалық