FlyArystan шыдамсыз жолаушыдан 10 млн теңгеге жуық ақша өндіріп алды

FlyArystan әуе компаниясы 2023 жылдың 23 желтоқсанында Шымкенттен Алматыға қарай ұшқан ұшақтың бүйіріндегі есікті ашып жіберген жолаушыны сотқа беріп, істі жеңіп шықты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Енді жолаушы әуе компаниясына 9 млн 551 мың теңге шығын өндіріп беруі керек. Бұндай шешімді Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты шығарған.

«Оқиға 2023 жылдың 23 желтоқсанында, Шымкент-Алматы бағытында ұшқан KC7106 рейсінде болды. Ұшақ қонғаннан кейін, жолаушылардың бірі 12-ші қатарда орналасқан және тек төтенше жағдайларда ғана ашуға арналған есікті ашып жіберген.  Осылайша, әуе компаниясына 9 551 922 теңге көлемінде шығын келген», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Фото: FlyArystan