«Ештеңеден қорықпаймын»: Нұржан Төлендиевтің жаңа түскен келіні сұхбат берді (ВИДЕО)

Коллаж: ozgeris.info

Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің ұлы мен келіні той алдында кішігірім сұхбат берді, — деп жазады ozgeris.info сайты.

«Ішімде толқыныс сезімі бар. Жаңа отбасыға бара жатырмын. Бірақ жанымда ер азаматым болғаннан кейін қорықпаймын», — деді әзілкештің келіні Нұргүл.

Ал ұлы Рауан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтып, келіншегіне қолдау көрсетті.

«Барлығы керемет болып жатыр», — деді Рауан.

Сондай-ақ су жаңа қалыңдық Нұргүл өзіне барлығы ұнап жатқанын жасырмай айтты.

Айта кетейік, қызын ұзатқан Нұржан Төлендиев тұңғышын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады.

Watch on TikTok