Шоу-бизнес

"Ештеңеден қорықпаймын": Нұржан Төлендиевтің жаңа түскен келіні сұхбат берді (ВИДЕО)

Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің ұлы мен келіні той алдында кішігірім сұхбат берді, - деп жазады ozgeris.info сайты.
"Ішімде толқыныс сезімі бар. Жаңа отбасыға бара жатырмын. Бірақ жанымда ер азаматым болғаннан кейін қорықпаймын", - деді әзілкештің келіні Нұргүл.
Ал ұлы Рауан қорқатын ештеңе жоқ екенін айтып, келіншегіне қолдау көрсетті.
"Барлығы керемет болып жатыр", - деді Рауан.
Сондай-ақ су жаңа қалыңдық Нұргүл өзіне барлығы ұнап жатқанын жасырмай айтты. Айта кетейік, қызын ұзатқан Нұржан Төлендиев тұңғышын үйлендіріп, дүркіретіп той жасады.
Барлық жаңалық