✅ Пайдалы

Елімізде визаны қалай рәсімдеуге болады?

Жаз келсе «шетелге шығам» деп шыр-пыр болатын адам көп. Біреу Түркия мен Тайландқа баруды місе тұтса, енді бірі еуро турға тартып кетеді. Бірақ, еуропаны аралау үшін визаның керек екені белгілі. Оны қалай рәсімдеуге болады? Ozgeris.info тақырыпты зерттеп көрді. Қазақстандықтар визасыз 43 елге бара алады. Ал 47 мемлекетке виза қажет, бірақ оны әуежайда тез арада ресімдеп алуға болады. Визаны рәсімдеу үшін нені білу керек?
  1. Өзіңіз таңдаған мемлекетті тыңғылықты зерттеп алыңыз. Сол елдің тәртібін білген абзал;
  2. Визаны кем дегенде 15 күнтізбелік күн бұрын, ал дұрысында 6 ай бұрын жасау керек (оны алу үшін ҚР-дағы тиісті мемлекеттің дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгінесіз);
  3. Шет мемлекеттің визасын алғанда, онда көрсетілген деректердің дұрыстығын: паспортыңыздың нөмірі, аты-жөні, туған күні, санаты, визаның қолданылу мерзімі және еселігі, шет мемлекетте болуға рұқсат етілген күндердің жалпы санын тексеріңіз. Визада жіберілген қателердің (тіпті сіздің кінәңіз болмаса да) шет мемлекетке келу кезінде де, онда болған кезде де жағымсыз салдары болуы мүмкін;
  4. Виза алған сәтке дейін сапарға ақы төлеу ұсынылмайды. Шет мемлекеттердің елшіліктері виза беруден бас тартқан немесе кідірткен жағдайда сіздің қаржылық шығындарыңыз үшін жауапты болмайды.
Есте сақтаңыз!
  • Ұсынылған құжаттардың қойылатын талаптарға барынша сәйкес келуі процесті жеделдетуі мүмкін;
  • Сапар күні өзгерген жағдайда виза алу алаңы, визадағы күнді өзгерту мүмкін болмайды. Жаңа сапар күндері бар өтінішті қайта беру қажет болады;
  • Егер баратын елге сіз басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен жүрсеңіз, онда шекараларды сәтті кесіп өту үшін олардың қолданылу мерзімі мен еселігін қоса алғанда транзиттік визаларды рәсімдеу қажеттілігі туралы алдын ала кеңесіңіз.
  • Виза беру шет мемлекетке баруға құқық береді. Бірақ ол арқылы ештеңе талап ете алмайсыз. Өйткені, Түпкілікті шешімді шет мемлекеттің кіру бақылау пункттерінде шекара полициясы қабылдайды.
Дайын болыңыз! Шекара полициясы қосымша қаржы туралы, болу ұзақтығы мен мақсаттары, сондай-ақ жол медициналық сақтандыру туралы құжаттар беруді сұрайды. Ол сіз шекараны кесіп өткен сәтте болуы тиіс. Сапар күні өзгерген жағдайда виза алу алаңы, визадағы күнді өзгерту мүмкін болмайды. Жаңа сапар күндері бар өтінішті қайта беру қажет болады.
Барлық жаңалық