Елімізде мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Фото: Pixabay.com

Бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына «Заң және тәртіп» атты жаңа пән енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оның айтуынша, бұл пәнді оқытуды 7-сыныптан бастау қажет.

Бұл ұсыныстың жасөспірімдер арасындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сөзінше, көптеген кәмелетке толмаған құқық бұзушылар өз әрекеттерінің заңға қайшы екенін түсінбейді, себебі олар заңдарды білмейді.

Жаңа пәнді тәжірибелі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізуі керек. Олар тек теориялық біліммен ғана емес, өздерінің өмірлік тәжірибесімен де бөлісе алады.

«Жасөспірім заңның мәнін түсінген кезде, ол қорқыныш емес, бағдар алады. Ол тәртіпті үйренеді», — дейді бас прокурор.

Сондай-ақ, Берік Асылов ұлттық құрылтайдың IV отырысында патриоттық рухтағы білімді ұрпақ тәрбиелеу мәселесі көтерілгенін еске салды.

Құрылтайда Президент «Адал азамат» ұстанымына сай келетін тұлғаларды қалыптастыру туралы айтқан еді.

«Тек дұрыс тәрбие мен заңдарды білу арқылы ғана әділетті қоғам құра аламыз», – деді бас прокурор.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Чикаго опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит